Бағдарлама функцияларына қатынасу құқықтарын конфигурациялау. Рөлге негізделген қатынасуды басқару

Kaspersky Security Center бағдарламасы рөлдер негізінде Kaspersky Security Center функцияларына және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламаларының функцияларына қатынасуды қамтамасыз етеді.

Сіз Kaspersky Security Center пайдаланушылары үшін бағдарлама функцияларына қатынасу құқығын келесі тәсілдердің бірімен конфигурациялай аласыз:

Пайдаланушы рөлі (бұдан әрі - рөл) – бұл Kaspersky Security Center функцияларына немесе "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламаларына қатынасу құқықтарының алдын ала анықталған жиынтығы. Рөлді пайдаланушыға немесе пайдаланушылар тобына тағайындауға болады.

Пайдаланушы рөлдерін қолдану пайдаланушының бағдарламаға қатынасу құқығын конфигурациялаудың күнделікті әрекеттерін жеңілдетеді және азайтады. Рөлдегі қатынасу құқықтары пайдаланушылардың типтік тапсырмалары мен қызметтік міндеттеріне сәйкес конфигурацияланады.

Пайдаланушы рөлдеріне олардың мақсатына сәйкес атаулар берілуі мүмкін. Бағдарламада рөлдердің шексіз санын жасай аласыз.

Сіз алдын ала анықталған пайдаланушы рөлдерін бұрыннан конфигурацияланған құқықтар жиынтығымен бірге пайдалана аласыз немесе рөлдер жасай аласыз және қажетті құқықтарды өзіңіз конфигурациялай аласыз.

Бұл бөлімде:

Бағдарлама функцияларына қатынасу құқықтары

Алдын ала анықталған пайдаланушы рөлдері

Пайдаланушы рөлін қосу

Пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына рөл тағайындау

Пайдаланушыларға немесе пайдаланушылар топтарына құқықтарды тағайындау

Қосалқы Басқару серверлеріне пайдаланушы рөлдерін тарату

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Басына оралу